Google Карталар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Google Maps
логотипі
URL

maps.google.com

Сайттың түрі

картографиялық қызмет

Тіркелу

міндетті емес

Тіл(дер)і

көп тілді

Иесі

Google

Авторы

Jens Eilstrup Rasmussen және Ларс Расмуссен

Ашылған уақыты

2005 жыл

Қазіргі статусы

жұмыс жасайды

 Басқа мағыналар үшін Google (айрық) деген бетті қараңыз.

Google Maps (ескі атауы Google Local) — "Google" компаниясы ұсынатын тегін картографиялық сервистер мен технологиялардың негізінде құрылған қосымшалар жиынтығы, 2005 жылы құрылған [1] веб карта қызметі.

Google Maps қызметінде Жердің картасы мен спутниктік түсірілімдері бар. Көптеген аймақтар үшін жоғарғы детальды 250-500 м биіктіктен түсірілген аэрофототүсірілімдер қолжетімді, ал кейбір аймақтарға әлемнің 4 жағынан 45° бұрышпен қарау мүмкіндігі бар. Қосымша Ай мен Марстың түсірілімдері де ұсынылады. Google Maps сервисімен бизнес-анықтамалары мен автомобиль жолдарының карталары интеграцияланған.

Google Maps Logo 2020.svg
Google Maps Logo 2020

Google Local Guides (Google жергілікті гидтері)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Google Local Guides - Google Maps шығарған еріктілерге арналған карта ішіндегі ынталандыру бағдарламасы. Кей кездері бұл картамен жұмыс істеуге арналған қосымша жеңілдіктер береді. Карта қолданушылары осы қызметтің көмегімен жергілікті жердің суреттерін, бейнежазбаларын қоса алады, мекемелерге қатысты ақпараттарды дұрыс-бұрыстығын анықтап, дұрыс ақпарат беруге көмектеседі. Бұл өз кезегінде басқа қолданушыларға көмек болады.Мысалы, мемекелердегі мүгедектерге арналған қол арба баспалдақтарының бар-жоғын енгізуге көмек беруге болады.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]