Crysis

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Crysis
Жасаушы Crytek
Баспагер Electronic arts, Valve (Steam)
Серия бөлімі Crysis
Анонс күні 26 қаңтар 2006
Шығарылған
күні
қараша 2007
Жанр FPS
Жас шектеу
рейтингтер
PEGI 18+
Платформалар ПК (Microsoft Windows), PlayStation 3, Xbox 360
Ойын қозғалтқышы Cry Engine 2
Ойын режимдері бір ойыншы, желілік ойын

Crysisғылыми фантастикалық компьютерлік ойын. Оны Crytek атты неміс компаниясы өңдеген ал Electronic Arts компаниясы шығарған. Ол трилогиядан топтастырылған алғашқы ойын. «Crysis» Солтүстік Америкаға 2007 жылдың 13 қарашасында, Австралияға 16 қарашада, 23 қарашада Жаңа Зеландияға және 29 қарашада Жапонияға жіберілген. Релиз өткен соң 1 жылдан кейін, яғни 2008 жылдың 18 қыркүйегінде Crysis әрбір адам Steam ғаламтор-қызмет корсету дистрибуциясы арқылы жүктей алатын болды.

«Crysis» ойынының оқиғалары ойдан шығарылған болашақта болады, яғни 2020 жылы. Ол кезде Қытайдың жағалауында бір ескі басқа ғаламшарлық ғарыш кемесі табылған еді. Жеке кампания ойыншыға десант жасағындағы сарбаздың (Джейк Данның) рольін ойнауға ұсыныс береді. Джейк Дан "Көшпенді" атағын алған (ағылш. Nomand) Номад әр-түрлі қарулармен қаруланған. Оған арнайы нанокостюм (ағылш. Nano Muscle Suit). Crysis ойынында ойыншы Солтүстік Корея әскерімен және өзге ғаламшарлық жаулармен 4 түрлі локацияда соғысады:тропикалық аралда, "Мұзды сфера" ішінде (ол джунглиден тұрады, мұз құрсауында), ғарыш кемесінің ішінде (салмақсыздық орнаған локация) және америкалық ұшақ ұшуына арналған кемеде. Ойын қозғалтқышы «Crysis», CryEngine 2 жаңа API DirectX 10-ды қолданады. Олар оны графика және Crytek ойындар жасау үшін, ойын деңгейін өзгертіп Sandbox 2-ні көрсетуге пайдаланады.

Crysis саундтрегін Иноном Зуром атты композитор шығарған. Басында саундтрек тек арнайы шығарылымдарда ғана қолжетімді болды. Тек қаңтардың 29-нан бастап ол iTunes Store атты онлайн-дүкендерде сатыла бастады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]