BITE көрмесі
BITE (Beijing International Tourism Expo) – халықаралық туристік көрмесі 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Азиядағы туристік қызметтердің ірі көрмесінің бірі болып табылады. BITE Пекиннің Туризм Әкімшілігімен (BTA) ұйымдастырылған болатын және көрме Қытай халықаралық көрме орталығында (CIEC) өткізіледі. Жыл сайын бұл көрмеге қатысушылардың саны өсуде, мысалы, 2010 жылы 22806 ш.м. жалпы көрме алаңында дүние жүзінің 82 елінен және Қытайдың 25 шет аймақтарынан келген 796 экспонат қатысқан болатын ( яғни, ұлттық туристік әкімшіліктер, туристік компаниялар, қонақ үйлер мен авиакомпаниялар). Қатысушылар көлемі 2009 жылға қарағанда 34 пайызға өскен екен. Көрменің алғашқы 3 күнінде оған 30 000 туризм профессионалдары келген болатын[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://www.expo.visit-russia.ru Мұрағатталған 12 тамыздың 2015 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|