1946 жылға арналған мемлекеттік бюджет және 1944-1945 жылдардағы бюджеттің орындалуы туралы баяндама бойынша жарыссөз
1946 жылға арналған мемлекеттік бюджет және 1944-1945 жылдардағы бюджеттің орындалуы туралы баяндама бойынша жарыссөз – Қаныш Сәтбаевтың 1989 жылы «Тылым» баспасынан шыққан «Ғылым мен мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, 2007 жылы «Оңтүстік полиграфия» баспа үйінен шыққан шығармалар жинағының 1-томына енген. Алғаш рет «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 1946 жылғы 22 қазандағы санында басылған.
Бұл сөзінде Сәтбаев бұрын бірде-бір жоғары дәрежелі мектебі болмаған Қазақстанда 28 жоғары дәрежелі оқу орындары, 90-нан аса техникум бар екенін, бұл мектептерде қазақ халқының мындаған жігіттері мен қыздары оқитынын, КСРО-ның 1946 жылға арналған Мемлекеттік бюджетінде одақтас республикалардың халық шаруашылығын, ғылым мен мәдениетін одан әрі өркендету мүдделері толық ескерілгендігіне баяндамада келтірілген цифрлар айқын дәлел екенін, КСРО-ның 1946 жылға арналған Мемлекеттік бюджетін бекітуді ұсынатындығын айтады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |