Өрлік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Өрлік ауылына қош келдіңіздер!
Ауыл
Өрлік
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Индер

Ауылдық округі

Өрлік

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°16′03″ с. е. 51°31′27″ ш. б. / 48.26750° с. е. 51.52417° ш. б. / 48.26750; 51.52417 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°16′03″ с. е. 51°31′27″ ш. б. / 48.26750° с. е. 51.52417° ш. б. / 48.26750; 51.52417 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Орлов форпосты, Орлов станицасы, Орловский

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

2505 адам (2021)

Этнохороним

өрліктік, өрліктіктер

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

060206

Автомобиль коды

06

Өрлік картада
Өрлік
Өрлік
Өрлік картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Өрлік картада
Өрлік
Өрлік

ӨрлікАтырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Өрлік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жайықтың оң аңғарында орналасқан.

1999 жылы тұрғындар саны 2598 адам (1318 ер адам және 1280 әйел адам) болса, 2009 жылы 2741 адамды (1393 ер адам және 1348 әйел адам) құрады.[1]

2021 жылғы санақ бойынша 2505 адамды (1284 ер адам және 1221 әйел адам) құрады.[2]

Ауыл 19291997 жылы қаракөл қойын өсіретін «Передовик» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Өрлікте және округтегі Жиек ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істеді. Өрлікте Индер жоғарғы вольтты электр желісінің станциясы, жылыту жүйесі, т.б. кәсіпорындар бар. Өрлік арқылы Атырау – Орал автомагистралі өтеді.[3]

Мәдени-әлеуметтік мекемелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылда монша, орта мектеп, балабақша, кинотеатр, емхана т.б. бар.[4]

  • Қ.Абақанов атындағы орта мектеп — 1923 жылы ұйымдастырылған. 1932 жылы 4 сыныптық мектеп болып қайта ашылды. 1957-58 жылдан бастап орта мектепке айналды. 1994 жылы мектепке ұстаз Қабижан Абаханұлының есімі берілді. Соған дейін Өрлік орта мектебі деп аталды.
  • "Болашақ" бөбекжай-бақшасы
  • Арал Хазірет мешіті — 2023 жылы желтоқсан айында ашылды.[5]

Елді мекендегі көшелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Өрлік ауылы
  • Алтай Шәмшиденов көшесі
  • Ғилым Шахманов көшесі (№18 көше)
  • Кенесары хан көшесі (№16 көше)
  • Кенжеғали Құлниязов көшесі
  • Мұханбет Сәрсенғалиев көшесі
  • Насыр молда Каримов көшесі
  • Нәпи Ғабдиев көшесі (№17 көше)
  • Нәсіпқали Қобданов көшесі
  • Нәсіпқали Қобданов тұйық көшесі
  • Подстанция көшесі
  • Сапарғали Өтепов көшесі
  • Сапарғали Өтепов тұйық көшесі
  • Сұңғат Әзмұханбетов көшесі
  • Тастан Шманов көшесі
  • Халел имам Нұғманов көшесі
  • Халиолла Өмірғалиев көшесі
  • Шәріп Сәрсенбаев көшесі
  • Ідіріс Үсенов көшесі
  • Ізмұқан Тоғайбеков көшесі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]