Өкпе абсцессі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Өкпе абсцессі

Өкпе абсцессі — пневмонияның асқынуынан іріңді инфекция қоздырғыштарының гематогенді, лимфогенді жолдармен немесе бөгде заттардың ауру жұқтыруы нәтижесінде өкпе ұлпасында дамуы.[1]

Өкпе абсцессі алдымен пневмониялық үдеріспен зақымданған өкпе паренхимасының іріңдеуінің нәтижесінде пайда болып өкпе тінінің ыдырау ошағымен сипатталады. Ең жиі абсцесс стафилококк,стрептококк микробтарының әсерінен пайда болады, сиректеу микроплазмалар саңырауқұлақтармен қоздырылған жіті пневмониялар кезінде байқалады. Осындай және басқа жағдайларда абсцесстің қалыпты суына бронхтың бөгде затпен немесе ісікпен бітелуі себепші болады. Өкпе паринхимасының іріндеу ошағы сонымен қатар кіші жамбас қуысы мен көк тамырларынан тромбофлебит кезінде анаэробтардың және оң жақ жүректегі инфекциялық эндокардит кезінде стафилококктардың гематогенді өкпе паренхимасына түсуінен және диафрагма астылық абсцестен инфекцияның жайылуы себепті пайда болуы әбден мүмкін.

Қарт және мосқал адамдардың цитостатиктермен емделуі, СПИД-пен ауыру кезіндегі организмнің қорғаныс реакцияларының төмендеуі бұл аурудың дамуының бірден бір себебі болып табылады. Науқастың клиникалық сипаттамасында өкпе абсцесі ағымының ерекшеліктерін көрсете отырып ірің ошағы бронхпен байланысты ма, әлде байланысыз ба деген жағдайларды ажыратқан жөн. Дренаж болмаған кезде науқастың жағдайы нашарлай түседі,өйткені ініңнің әсерінен интоксикациялық белгілері пайда болады:биік гектикалық ыстықтың көтерілуі тердің ағыл-тегіл шығуына әкеледі,кеуде қуысында қатты ауру сезімі білінеді.Науқастың қанын зерттегенде: лейкоциттер көбейеді,олардың сол жаққа қарай ығысуы байқалады. [2]

Абсцесс дренаж арқылы бронхқа жарылып ірің сыртқа шыққанда, науқастың жағдайы әжептәуір жеңілденеді, дене қызуы басылады, қақырықты жөтел азаяды,қан аралас көп мөлшерлі сасық қақырық бөлінеді. Қақырықты микроскоп арқылы тексергенде,оның іріңді түрі дәлелденеді, ал бактериологиялық тұрғыда зерттегенде ішінен әдетте анаэробтар немесе аралас флора анықталады. Іріңнің плевра қуысына жарылуы өте қолайсыз,ол кезде ыдыраудан шыққан заттардың күшті сорылуымен байланысты интоксикация күшейеді,қан айналымы жетіспеушілігі айқын біліне түседі.

Іріңде абсцестер кейде қабатына жақын орналасқан кезде,физикалық тексеру арқылы өкпеде тығыздалу синдромының белгілерін табуға болады.Кеуде клеткасына сәйкес жағы дем алуға кешігіп қатысады,перкуторлық дыбыс тұықталады,бронхиалдық тыныс пайда болады.Абсцесс жарылып,іріңнен босағанда,перкуторлық дыбыс тұйық тимпаникалық болып өзгереді,ірі көпіршікті айқын дыбысты сырылдар пайда болады.Рентгенологиялық өзгеріс қайта тексергенде инфильтратта ыдырау аймағы байқалады,сол сияқты жоғарғы шекарасы көлденең орналасқан қуысты анықтауға болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  2. Ішкі аурулар пропедевтикасы,Айтбембет Б.Н,Алматы-2009