Өзен көлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Өзен көлігі (Речной транспорт) - ішкі су жолдары (өзен, көл, канал, бөген) арқылы жүк және жолаушылар тасымалдайтын көлік түрі. Өзен көлігінің республиканың жалпы жүк айналымындағы үлесі — 0,8%. Жалпы көлік түрлері бойынша өзен көлігінің жүк тасымалдау көлемі — 0,3%, кеме жүзетін жолдың ұзындығы — 4002 км болды (1984). Жүк тасымалдау 1940 ж. 628 мыңт-дан 1984 жылы 8958 мың т-ға дейін немесе 15 есе, жүк айналымы 216 млн. т/км-ден 3209 млн. т/км-ге дейін артты. Республиканың Өзен көлігі аркылы тасымалданатын жүктің басым көпшілігі минералдық-құрылыс жүктері (қиыршық тас, құм және т.б.) — бұл құрғақ жүктің 70%-ы. Орман ағаштары РФ-ы облыстарымен шектескен өңірдегі Ертіс өзені арқылы тасымалданады. Бұл жүктердің басым көпшілігі Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы темір жол көліктерімен жеткізіледі. Ірі элеваторлар мен астық өңдейтін кәсіпорындар орналасқан Өскемен, Семей және Павлодар қалаларына өзен жолымен астық тасылады. Кузбасстың тас көмірі темір жолдан Павлодар, Өскемен және Қапшағай қалаларындағы су көлігіне тиеледі. Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалдау негізінен Ертіс өзені арқылы атқарылады. Мұнда "Ракета", "Метеор", "Белорусь", "Заря" кемелері қатынайды. Қазақстанда жолаушыларды тасымалдау көлігі 1940 жылы 177 мыңнан 1984 жылы 2409 мың адамға дейін немесе 13 есеге жуық артты. Осы уақыттың ішінде жолаушы тасымалы айналымы 1940 жылғы 55 млн-нан 1984 жылы 94 млн. жолаушы км-ге жетгі. Республикада 1963 жылдан бастап жүкті контейнерлермен тасымалдау ісі дами бастады. Мұның өзі тасымалданатын жүктің толық сақталуын, ең бастысы механизмдерді қолдана отырып, жүкті бір көліктен екіншісіне ауыстырып тиеуді оңайлатады, әрі арзанға түсіреді.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.