Әулиеата саржауы (лат.Trichanthemis aulieatensis) – астралылар тұқымдасына жататын саржау туысының бір түрі. Ол Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның қиыршық тасты беткейлерінде, жартастарында, орта белдеуінде өседі. Биіктігі 20—40 см болады. Көп сабақты, сабағы түп жағынан сүректеніп, тармақталып өседі. Сағақты жапырақтары ұзынша, қауырсынданып тілімденген. Гүлсебеті дара гүлді, күлтесі ақ-қызыл түсті болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр—маусым айларында гүлдейді. Әулиеата саржауы — өте сирек кездесетін сәндік өсімдік. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]