Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков
Лауазымы
Ту
Ту
Жұмысшы-шаруа инспекциясының халық комиссиясы
Ту
Ту
қазан 1921 — қаңтар 1924
Президент Станислав Пестковский
Ізашары Сергей Сергеев
Ізбасары Александр Авдеев
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 7 маусым 1893 (1893-06-07)
Өлеңті болысы, Ілбішін уезі, Орал облысы, Ресей империясы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан)
Қайтыс болуы 1937 (1937)

Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков (1893 жыл, Орал облысы – 1937) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері.

Жымпитыда әуелі қазақ мектебінде, кейін, Қарасуда оқиды. 1910 жылы Орал реалды әскери учелищесінен білім алады. Ақпан төңкерісінен кейін Саратов түбіндегі ауылшаруашылық институтын бітірген.

Алаш қозғалысы кезінде Жайық өңірінде белсенді жұмыстар істеген, Алашорда кеңестеріне қатысып, ел көзіне көрінеді. 1918 жылғы ақпанда Қаратөбеде өткен үшінші Орал облысы қазақтарының сиезіне қатысады. Кейін қызыл үкімет жағына шығып, кеңес үкіметінде жауапты қызметтер атқарған. 1920 жылы РК(б)П комитетінің бюро мүшесі болған. Осы кезде ол өзінің халқына аз да болса пайдалы істер істей білді. Алаш ордасы қызметкерлерін кеңес жұмысына тартуға байланысты көп жұмыстар жүргізеді. Ол жұмыстарының белгілі нәтижесі де болады. 1920 жылы 4 шілдеде Қазревком ішкі істер бөлімінің комиссары болады. Осы жылғы 28 шілдеде ішкі істер комиссариатының меңгерушісі болып тағайындалады. 8 қыркүйектен бастап ішкі басқару бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бірінші бүкілқазақ кеңестер құрылтай сиезінде қазақ өлкелік орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. 1925–1928 жылдары Жетісу губерниялық атқару комитетінің төрағасы болды. Осы қызметтен Ф.И. Голощёкин тарапынан қудаланып, Өзбекстанға кетеді.

Ленинградтың гидромелиорация институтын 1932 жылы бітірген. 1928 жылдан 1937 жылға дейін Орталық Азия инженерлік-техникалық ирригация институтына, Ташкент қалалық Мелиорация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтына басшылық жасайды.

1937 жылы халық жауы деген айыппен, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.[1][2]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Сыртқы сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]