Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин
Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстанның 2-ші премьер-министрі
Ту
Ту
14 қазан 1994 — 10 қазан 1997
Ізашары Сергей Терещенко
Ізбасары Нұрлан Балғымбаев
Орынбасарлары Нығметжан Есенғарин (1994–1997)
Виталий Метте (1995–1996)
Ахметжан Есімов (1996–1997)
Ту
Ту
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары
Ту
Ту
18 желтоқсан 1993 — 14 қазан 1994
Премьер-Министр Сергей Терещенко
Ізашары Дәулет Сембаев
Ізбасары Нығметжан Есенғарин
Қазақстан Республикалық Халық партиясының төрағасы
17 желтоқсан 1998 — 25 желтоқсан 2001
Ізашары лауазым құрылды
Ізбасары лауазым ыдыратылды
Орынбасары Әміржан Қосанов
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 27 наурыз 1952 (1952-03-27) (72 жас)
Георгиевка (Қалбатау) ауылы, Жарма ауданы, ШҚО
Әкесі Мағжан
Жұбайы Наталья Николаевна Қажегелдина (Быкова)
Балалары ұлы мен қызы
Қызмет еткен жылдары 1974–1978
Әскер түрі  КСРО
Марапаттары

Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин (27 наурыз 1952 жыл, Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылы, Жарма ауданы, ШҚО) — Қазақстанның 2-ші премьер-министрі, оппозиционер, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты. 1997 жылы денсаулығымен байланысты отставкаға кетті. Көпшілік оның осы шешімін Қазақстандағы авторитаризмге қарсылық әрекеті ретінде қабылдады. Ол президент Назарбаевты авторитаризм, непотизм және адам құқықтарының бұзылуына немқұрайлылық танытты деп айыптады.

27 наурыз 1952 жылы ШҚО-ның Жарма ауданының Георгиевка ауылында, білім беру саласының қызметкерлерінің отбасында өмірге келді. Уақ тайпасы Шоға руы Қойбағыс бөліміне шыққан.[1]

Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Екі жыл Кеңес Армиясында, Семей облысы бойынша МҚК басқармасында қызмет етті (1974-1978). 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф. Е. Дзержинский атындағы Жоғары мектебінің басшылық құрамын дайындау курстарының тыңдаушысы болды. Еңбек жолын бетоншы қызметінен бастаған. Орта мектептің мұғалімі және меңгерушісі болды.

  • 1979-1984 — Семей қаласының Калинин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;
  • 1985-1987 — Семей қаласының Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1987-1989 — Мәскеу қаласындағы «Созидатель» кооперативінің өкілі.
  • 1989-1992 — құрылыс-декоративтік қаптау тасын өнеркәсіптік өңдеу жөніндегі Семей комбинатының директоры.
  • 1990 — «Томан» АҚ Бас директоры.
  • 1990-1992 — «Семей» ҚӨТ бас директоры.
  • 1991-1993 — Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілік басшысы.
  • 1993 желтоқсаннан 1994 қазанға дейін — ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары.
  • 1994 қазанынан 1997 қазанына дейін — ҚР премьер-министрі
  • 1998 наурыз-қазан аралығында — ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

Сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы және Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті лауазымдарын атқарған.

1998 жылы ҚР президенттігіне кандидат болды. Қазақстанның Республикалық Халық партиясының төрағасы, кейін Біріккен демократиялық партияның саяси кеңесінің мүшесі болды.

1999 жылы Қазақстаннан көшіп кетті.

Жұбайы — Қажыгелдина (Быкова) Наталья Николаевна. Балалары: қызы Диана, ұлы Мағжан. Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]