Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов
20 қаңтар 2012 — 28 қаңтар 2013
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Ізашары Серік Нығметұлы Ахметов
Ізбасары Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 6 ақпан 1952
Қарағанды облысы

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов (6 ақпан 1952, Тельман ауданы, Қарағанды облысы) – мемлекеттік қайраткер.

1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан[1].

Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.

  • 1971 жылдан - РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші.
  • 1972 жылдын - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1974 жылдан - «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері.
  • 1975 жылдан - №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы).
  • 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төра- ғасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
  • 1991 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы.
  • 1996 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
  • 1999 жылдың наурызынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары.
  • 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.
  • 2002 жылдың наурызынан - ҚР экономика және сауда вице-министрі.
  • 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР индустрия және сауда вице-министрі
  • 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы.
  • 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі.
  • 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат шысы.
  • 2009 жылдың наурызынан бері - ҚР көлік және коммуникациялар министрі.

ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999). «Қазтеңізтасымалфлот» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2000-2001); «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2003); «Қазмырыш» ЛҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004).

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үйленген. Жұбайы - Құсайынова Ғалия Қадыржанқызы (1958 жылы туған), дизайнер. Қызы - Қымбат (1982 жылы туған), заңгер Ұлы - Арман (1984 жылы туған), экономист.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2