Әбу Сәрсенбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әбу Сәрсенбаев
Туған күні

15 қазан 1905 (1905-10-15)

Туған жері

Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Қайтыс болған күні

25 қараша 1995 (1995-11-25) (90 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Мансабы

ақын, жазушы

Жанры

поэма, проза, роман

Шығармалардың тілі

Қазақша

Марапаттары
Қазақстан
КСРО
I дәрежелі Отан соғысы ордені Қызыл жұлдыз ордені Қазан төңкерісі ордені Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі
Еңбек Қызыл Туы ордені Құрмет Белгісі ордені Халықтар Достығы ордені
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
Сыйлықтары

Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты

Әбу Сәрсенбаев (1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылы — 1995 жылы 25 қарашада Алматы) — ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Ұлы Отан соғысының ардагері. Парасат орденінің иегері.

Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.

  • Астрахандағы кеңес-партия (1929) мектебін бітірген.
  • Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы (1934) мектебін бітірген.
  • 1942-47 ж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
  • «Темір жолшы» газетінде (1934-36) редактор
  • Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасында (1936-42) директор, бөлім меңгерушісі
  • Қазақ мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының (1947—53) директоры
  • Жазушылар одағында кеңесші (1953—58) болды.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ә.Сарсенбаев әдебиетке 30-жылдардың орта тұсында араласа бастады.

  • «Жүрек сыйы» (1938)
  • «Ант» (1939) жыр жинақтары оның ақындық карымын танытты.
  • «Туған өлке» (1948)
  • «Махаббат жыры» (1949)
  • «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның шығармашылығында Отан қорғау, патриоттық тақырыбы ерекше орын алады.
  • «Ақша бұлт» (1947) жыр жинағына ақын майданда жазған жырларын топтайды.

Әр жылдарда жарық көрген

  • «Сенің бақытыңды қорғағандар» (1950)
  • «Офицер күнделігі» (1960)
  • «Жауынгер монологі» (1972)
  • «Батырлардың ізімен» (1974) прозалық кітаптарында Ұлы Отан соғысы тақырыбына, кеңес адамдарының ерлігін, патриоттық тұлғасын бейнеледі.
  • «Ақмаралдың жүрегі» (1940) атты алғашқы поэмасына Қазан революциясына дейінгі қазақ әйелінің қиын тағдыры арқау болған.
  • «Намыс ұлы» (1943)
  • «Шие ағашы» (1943) поэмаларында кеңес адамдарының ерлік, патриоттығы жырланды.
  • «Ұлым туралы ой» (1948)
  • «Миллиардтың ізімен» (1957)
  • «Жас коммунист туралы жыр» (1959)
  • «Жазылмаған дастан» (1961)
  • «Отыз үшінші көктем» (1975) атты поэмалары сол кездегі замандастар өміріне арналған.
  • Ә.Сарсенбаевтың прозалық шығармаларының ішінде байырғы қазақ балықшы-жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейтін «Толқында туғандар» (1953)
  • Каспий теңізшілерінің еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз әуендері» (1969) романдарының орны ерекше.
  • 5 томдық шығармалар жинағы (1980—85)
  • «Ұстаздар мен тұстастар» (1986) дастандар топтамасы
  • «Қасиетті махаббат» (1987) кітаптары жарық көрді.
  • «Арбасу» (Қ. Жұмалиевпен бірігіп, 1948)
  • «Теңіз махаббаты» (1975) пьесаларының, сондай-ақ мектеп оқулықтарының авторы.
  • А. Пушкин, М. Лермонтов, Ш. Петефи т. б. көптеген жырларын қазақ тіліне аударды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Октябрь Революциясы ордені
  • 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
  • "Еңбек Қызыл Ту" ордені
  • "Халықтар достығы" ордені
  • «Қызыл Жұлдыз» ордені
  • "Құрмет белгісі" ордені
  • КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
  • тәуелсіз Қазақстанның «Парасат» ордені.
  • 1996 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы берілді.

Есте қалдыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгін де Алматыда, Атырауда бір-бір көше, Құрманғазы ауданындағы бір мектеп ақынның есімімен аталады. Алматыдағы ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]