Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов (13 наурыз, 1940 жылы туған, Қостанай облысы Фёдоров ауданы Трактово ауылы) – құрылысшы-инженер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы (1977), архитекторлық ғылымдардың кандидаты (1979), профессор (1992), Шығыс елдері халықаралық архитектор (2001) және Халықаралық архитиктура академияларының (2002) академигі.

Арғын тайпасы Тоқал Арғын руының Төлек бөлімінен шыққан.[1]

Тәтіғұлов басқалармен бірлесіп

  • “Қазақстанның қала құрылысы” (1973)
  • “Жобалау кеңесінен жобалау институттарына дейін” (1980) атты кітапты жазған;
  • Тәтіғұлов Ә.Ш. Өзекті өмір ("Стержень жизни") Алматы, 2000.
  • Тәтіғұлов Ә.Ш. Парыз (Считаю долгом своим. 1-том), Алматы, "Баспақан" 2010.
  • Тәтіғұлов Ә.Ш. Ізгілер ізі (Раздумья о современниках, 2-том) Алматы, "Баспақан" 2010. Ахитектурно-строительная элита Казахстана, Алматы, 2005.
  • сонымен қатар 170 ғылыми-техникалық мақала
  • 5 монограммалық еңбектің
  • бірқатар оқулықтардың авторы.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1999 жылы Мәдениет қайраткері
  • 2005 жылы Қазақстанның құрметті құрылысшысы атағы.
  • Парасат
  • Еңбек Қызыл Ту
  • “Халықтар достығы”
  • “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Текті де, терең тұлға  (ағыл.).
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8