Әбдуәлі Баешов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Баешов Әбдуәлі (26.4.1946 жылы туған, Жаңақорған кенті) – ғалым, химия ғылымының докторы (1991), профессор (1993). Қазақ химия-технология институтын (қазіргі Мұқтар Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген (1969). 1969 – 70 жылы Петропавл қаласындағы Куйбышев атындағы машина жасау зауытында инженер-технолог болып жұмыс істеді. 1970 – 91 жылы Қарағанды химия-металлургия институтында инжинер , аға инжинер , кіші және аға ғылыми қызметкер, лабаратория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қ.А. Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеттінде экология факультетінің деканы, Кентау бөлімінің вице-президенті, ректоры, директоры қызметінде болды. 2002 жылдан жалпы химия және химия экология кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері фосфор, мыс алу әдістеріне арналған. 550-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрген. Фосфор шламындағы фосфорды анықтаудың Бөкетов-Баешов әдісі мен Ультрадисперсті мыс ұнтағын алудың Баешов-Жұрынов әдісі –өндіріске енгізілді. «КСРО өнертапқышы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алған (2003). Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Кентау қаласыныңқұрметті азаматы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”,