Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ескерткіш (Балқаш)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Б. Мусат, А. Ысмайылов
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ескерткіш, (1970)
темірбетон.
Балқаш, көл жағалауы
Мемориал және Т-34 ескерткіші

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ескерткішБалқаш қаласындағы ҰОС мемориалы.

Ескерткіш 1970 жылы 21 мамырда ашылған. Ол Желтоқсан көшесі бойында, Балқаш көлінің жағасындағы төбешікте орналасқан.[1]

Төбешіктің дәл ортасында бесбұрышты жұлдыз пішініндегі «мәңгілік алау» орны бар. Оны төрт жағынан қоршап және жерден сәл көтеріңкі етіп тұрғызылған темірбетон қабырғалар орнатылған, олардың ішкі жағында соғыс тақырыбындағы барельефтер бейнеленген. Бұған дейін, сәл төменірек екі ұзын қабырға тұрғызылған, онда жауынгерлердің есімдері жазылған. Мемориал аллеяға ұласады.

Мемориалдық тақталарда Балқаш қаласынан және Ақтоғай ауданынан майданға шақырылып, соғыс алаңында із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болған 1737 адамның есімдері жазылған.[2]

Мемориалға жақын жерде Т-34 танкінің ескерткіші бар. Ол Ұлы Отан соғысындағы балқаштықтардың ерен еңбегінің құрметіне 1978 жылы орнатылды. Ескерткіштің тақташасында жазылғандай, әрбір шығарылған 100 тонна молибденнің 60 тоннасын балқаштықтар беріп отырған.

Екі ескірткіш те жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне кіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]