Ұзынқарғалы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ұзынқарғалы өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 128 км |
Су алабының ауданы |
1070 км² |
Су алабы | Іле |
Су ағысы | |
Бастауы | Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Құмбел асуындағы мұздық |
Сағасы | Күрті өзені |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысында Қарасай, Жамбыл аудандары |
Ұзынқарғалы, Қарғалы - Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы облысында Қарасай, Жамбыл аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 128 км, су жиналатын алабы 1070 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Құмбел асуындағы мұздықтан басталып, Қарасай ауданында Күрті өзеніне құяды. Ірі салалары - Майбұлақ, Шымбұлақ, т.б.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аңғары тік жарлы, шатқалды, ені 300 м, жарқабағының биіктігі 30-40 м. Жайылмасы сол жағалауында ғана, ені 30-80 м, арнасы түзу дерлік, ені 10 м. Жауын-шашын, жазда еріген көп жылдық қар, мұздық суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Қарғалы кенті тұсында секундына 3,50 м3. Сағасынан 64 км жерде бөген салынған, 4 канал тартылған, бойында бірнеше шағын СЭС салынған. Егістік суаруға, елді мекендердің мұқтажына пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3