Үңгіректер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үңгіректер

Үңгіректер (лат. Troglodytіdae) — сайрағыш құстар тұқымдасы. Негізінен Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Батыс, Солтүстік Америкада таралған 14 туысқа жататын 60 түрі белгілі.

Үңгірек тұқымдастар(Troglodytidae)- америкалық шығу текті торғайәріздес құстар отрядына жататын түпкі тұқымдас құстар. Үңгірек тұқымдастың 12-16 туыстармен берілген барлық 63 түрі әжептәуір біртекті құрылысты болып келеді, олар- шағын денелі (10-20 г), қысқа құйрықты және тұмсығы біз тәрізді тығыз, мығым денелі құстар. Көпшілігі орман құстары , кейбір түрлері ғана жартастарда немесе қалың скен шөл бұталарында өмір сүреді. Аталық және аналығана қысқа құйрығын жоғары көтеру тән қасиет, тат түсті қоңыр шұбар реңді болып келеді. Бунақденелілермен қоректенеді, жұптасып өмір сүреді, үйір түзбейді. Көптеген түрлерінің әуені үнді және әдемі.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дене тұрқы 9,5 — 22 см, салмалмағы 10 граммнан аспайды. Тұмсығы жіңішке, үшкір, әрі қатты. Қанаты қысқа, көп ұша бермейді, көбінесе, бұталар мен дауыл құлатқан ағаштарда өрмелеп жүреді. Қысқа құйрығы жоғарыға қарай көтеріліп тұрады. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар (Жетісу) Алатауының қылқанды таулы ормандарында және Тарбағатай тауында кездесетін 1 түрі — үңгірек (T. troglodytes) бар. Оның тұрқы 10 см, қанатын жайғанда өрісі 16 см, қанатының ұзындығы 4,5 см, құйрығының ұзындығы 3,5 см, салмағы 8 — 9 грамм. Денесін қара қоңыр толқын тәрізді сызығы бар қоңыр сұр түсті қауырсындар жапқан. Мекиендері ақшыл түсті болады.

Ол дауыл құлатқан ағаштардың асты мен олардың түбірлерін тіміскілеп жүретіндіктен, аты соған байланысты қойылған. Әдемі сайрайды. Ұсақ жәндіктермен, омыртқасыздармен қоректенеді.

Шар тәрізді ұясын жасырын қалтарыстарға салады. Мекиені ұядағы 5 — 6 жұмыртқаны 15 — 16 күндей шайқап, балапан басып шығарады. Мекиені мен қоразы 16 — 18 күндей ұядағы балапандарына жемді кезектесіп тасиды. Кейде балапандары ұядан ұшып кеткен соң да бір аптадай қоректендіреді. Үңгіректер топ түзбейді, қыста тау етегіне түседі немесе жылы жаққа қарай жылыстайды. Үңгіректердің 2 түрі және 3 түр тармағы қорғауға алынып, Халықараралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Түрлердің көпшілігі тропикке үйренген- тек қана кішкене Косто-Рикке үңгіректердің 22 түрі тіршілік етеді. Көне Дүниеге –кәдімгі үңгірек қана енді және еуразиялық контитнентке кеңінен орнықты. Атап айтқанда, сол түр ғана Қазақстанда кездеседі. Үңгіректердің негізгі туысы- 4 түрден тұратын торғайтәріздестер отрядының үңірек тұқымдастарға жататын құстардың егізгі туысы. Қазақстанда бір түр- үңгірк тіршілік етеді. Үңгірек-біздегі фаунаның ең кішкене денелі (8-10 г) құсы. Үңгірек тұқымдастардың ең ересекше өкілі үңгіректің дене бітімі мығым, реңі қоңырқай қызылтсары және ұдайы қысқа құйрығын сілкіп қалып, жоғары көтеріледі. Қолды-аяққа тұрмай, қунақ қимыл жасап , ағашта ұшып-қонып жүргені құстан гөрі тышқанды еске түсіреді. Мұндайда ашуланғандай «чирр» немесе «чок-чок» деген үзбелі дауысты жиі шығарады. Үңгіректің осы ерекшелігі сансыз халық атауларында: түбіршек , қабықжегі , жаңғақшыл, чок-чок және т.б. атауларда көрініс берді. Ешқашан йір түзбейді, ұялас балапандардың ұшуға дейінгі қысқа кезеңін қоспағанда , жалғыз-жарымнан кездеседі. Аталықтар өте әдемі сайрайды. Бұл ормандарымыздағы ең жақсы сайрағыш құс. Үңгірек қатты, сыңғырлата ұзақ сайрағанда әуеніне орман жадырақтың әуен басауына ұқсас шумақтарынан, жадырақ әуенінен бірдемелерді пайдаланады. Дегенмен үңгірек әуені баққунақтың тамаша сайраған үнін еске түсіреді. Үңгіректер Тәңіртаудың қылқанды ормандарында сәуірден тамызға дейін сайрайды. Қысқа қарай үңгіріктер оңтүстікке және батысқа қарай орын ауыстыраы. Олар Қазақстанда Батыс Тәңіртауда ұдайы қыстап шығады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мектеп энциклопедиясы "Құстар", жануарлар құстар сериясы, Автор : А. Ф. Ковшарь, В. А. Ковшарь