Үлгі:Басты бет/Жаңалықтар/2024
< Үлгі:Басты бет | Жаңалықтар
- 15 мамыр — Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.
- 14 мамыр — Сергей Шойгудың орнына Ресей қорғаныс министрі болып Андрей Белоусов тағайындалды.
- 13 мамыр — Жаңа Каледонияда конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін жаппай наразылықтар басталды.
- 13 мамыр — Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталды.
- 11 мамыр — Швейцариялық әнші Nemo Eurovision 2024 ән байқауында «The Code» әнімен жеңіске жетті.
- 4 мамыр — Америкалық әнші Мадонна The Celebration Tour сапарын Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында 1,6 миллион адам тамашалаған ең үлкен тегін концертімен аяқтады.
- 1 мамыр — Ресей қарулы күштері Одесса портын атқылады, 3 адам қайтыс болды.
- 15 сәуір — Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен педофилияға қарсы заң қабылданды.
- 7 сәуір — Су тасқынына байланысты Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. 120 мыңнан аса адам эвакуацияланды.
- 2 сәуір — Тайваньда магнитудасы 7,4 жер сілкінісі болып, 16 адам қайтыс болды, 1100 астамы жараланды.
- 2 сәуір — Қырғызстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылданды.
- 22 наурыз — Мәскеудегі «Крокус Сити Холлдағы» террорлық шабуыл нәтижесінде 133 адам қаза тауып, 152 адам жараланды.
- 21 наурыз — Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг коррупциялық жанжалдан кейін отставкаға кетті.
- 17 наурыз — Ресейдегі сайлау нәтижесінде Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті болып сайланды.
- 10 наурыз — Оскар марапаты: «Оппенхеймер» фильмі үздік фильм, үздік режиссер, үздік актер мен көмекші актер және тағы үш номинацияда жеңді.
- 7 наурыз — Швеция НАТО блогының 32-мүшесі болды.
- 1 наурыз — Қазақстандағы уақыт бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне ауысты.
- 26 ақпан — Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып тағайындалды.
- 16 ақпан — Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный колонияда қайтыс болды.
- 11 ақпан — Финляндияның сайлауы бойынша Александр Стубб президент болды.
- 11 ақпан — Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды.
- 10 ақпан — Футболдан Азия Кубогын Қатар иеленді.
- 8 ақпан – Пәкістанда жалпы сайлау өтті.
- 8 ақпан — Ираклий Кобахидзе Грузия премьер-министрі болды.
- 8 ақпан — Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы болып Олександр Сирський тағайындалды.
- 8 ақпан — Украинаның бас қолбасшысы Валерий Залужный қызметінен босатылды.
- 7 ақпан — Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды.
- 6 ақпан — Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.
- 5 ақпан — Чилиде орман өртінен 131 адам қайтыс болды.
- 4 ақпан — Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды.
- 4 ақпан — Грэмми сыйлығын «Жыл әні» үшін Билли Айлиш, «Жыл альбомы» үшін Тейлор Свифт иеленді.
- 30 қаңтар — Пәкістан премьер-министрі Имран Хан 14 жылға сотталды.
- 29 қаңтар — Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили отставкаға кетті.
- 24 қаңтар — Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы атылып, 74 адам қайтыс болды.
- 19 қаңтар — Қазақстан Үкіметі елдің 1 наурыздан бастап бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне өтетінін хабарлады.
- 8 қаңтар — Алтын глобус 2024 сыйлығы: үздік драма — Оппенхеймер, үздік комедия — Байғұс жандар.
- 4 қаңтар — Тетрис ойынын толығымен алғаш өткен адам Оклахомадан табылды.
- 2 қаңтар — Израиль соққысы нәтижеде Хамастың екінші адамы өлтірілді.
- 1 қаңтар — Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, Түркі Мемлекеттері ұйымдарында төрағалығын бастады.