Құркелес
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Құркелес өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 144 км |
Су алабының ауданы |
3600 км² |
Су алабы | Сырдария алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысындағы бұлақтары |
Сағасы | Шардара бөгені |
• Координаттары | 41°06′07″ с. е. 68°32′35″ ш. б. / 41.10194° с. е. 68.54306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°06′07″ с. е. 68°32′35″ ш. б. / 41.10194° с. е. 68.54306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Түркістан облысы Сарыағаш, Шардара аудандары |
Құркелес – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түркістан облысындағы Сарыағаш, Келес, Шардара аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 144 км, су жинайтын алабы 3600 км2.
Бастауы мен сағасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құркелес Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысындағы белесті қырат бұлақтарынан бастау алып, түстікке қарай жылжиды. Жоғары жағында Сарыжылға өзені келіп құяды. Жағалауында Қоңыртөбе, Сарыжылға, Жаңа тіршілік, Бірлік тағы да басқа ауылдар орналасқан.
Бірлік ауылынан өте бере ең төменгі саласы саласы Ақсай өзені келіп қосылады. Ақсай қосылған соң он шақырымдай ағады да, Сырдария өзені бойындағы Шардара бөгеніне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арнасы тік жарлы. Аңғары кең. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы бау-бақша суаруға пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы