Құланды (түбек)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Құланды түбегі
Орналасуы
45°55′49″ с. е. 59°24′02″ ш. б. / 45.93028° с. е. 59.40056° ш. б. / 45.93028; 59.40056 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°55′49″ с. е. 59°24′02″ ш. б. / 45.93028° с. е. 59.40056° ш. б. / 45.93028; 59.40056 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияАрал теңізі
Ел Қазақстан
Құланды (түбек) (Қазақстан)
Құланды түбегі
Құланды (түбек) (Қызылорда облысы)
Құланды түбегі
 Басқа мағыналар үшін Құланды деген бетті қараңыз.

ҚұландыАрал теңізінің солтүстігіндегі түбек.

Түбек 1980 жылға дейін теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан. Абсолюттік биіктігі 129 м. Жағасы аз тілімделген, оңтүстігі жарлауытты (15 – 20 м). Батысында Чернышев, солтүстік-шығысында Тұщыбас шығанақтары орналасқан. Түбек палеогеннің әктас, мергель жыныстарынан түзілген.

Жусан, баялыш, сексеуіл, жүзгін, т.б. шөлейттік өсімдіктер өседі. Шығысында қайнар бұлақтар, тұзды көлдер бар. Қоңыр көмір шығындылары кездеседі. Арал теңізінің тартылуына байланысты Құланды аралы жағалаумен бірігіп, пішіні өзгеріп кетті.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том