Құймақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шведтердің құймағы

Құймақ— қышқыл жұмсақ қамырдан әзірленетін шағын, қалың, майға қуырылатын тағам; жайма құймақтың шағын күлше бітімдес түрі. Құймақ қамыры суға немесе сүтке езіледі, ашытқысы молдау, жайма құймаққа қарағанда қамыры қоюлау, қасықпен жеңіл алынады. Қамырды жұмыртқа мен май қоса отырып екі рет көтерілуге қояды. Құйылып тұратын осы қамырдың қуырылатын майы да жайма құймақпен салыстырғанда молдау. Дайын құймақтың қалыңдығы — 5—6 мм. Құймақты дастарқанға қаймақпен, тосаппен, балмен қояды.[1]

Жұмыртқа, тұз, қант және майды қасықпен езіп, су немесе сүт қосып араластырады. Сосын оны біртіндеп ұнға құйып, түйіршік болмайтындай етіп аралыстырады. Қамыр сұйық болуы керек, дайын болған қамырлы қасықпен май жағылған ыстық табаға құяды. Қамыр ыдыстың түбіне түгелдей әрі тегіс жайылу үшін табанЫ шайқап тұрып, оны қызарғанша пісіреді. Ішіне ет, күріш, ірімшік, тосап, алма (Начинка мақаласын қараңыз) салады немесе құр өзін пісіруге болады. Ондай жағдайда дастарқанға май,құмшекер, бал, тосап қояды. Ештеңе салмай пісірілген блинчикті табаға қарылған жағын ішіне қаратып төртке бүктеп, дастарқанға қояр алдында блинчикті үшкір жақтарын ортасына қаратыл май жағылған ыстық табаға салып, аздап қыздырады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9