Қырымлы әліпбиі
Қырымлы әліппесі — 31 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе.
Бас және кіші әріптері:
A B C Ç D E F G Ğ H I İ J K L M N Ñ O Ö P Q R S Ş T U Ü V Y Z (Â) |
a b c ç d e f g ğ h ı i j k l m n ñ o ö p q r s ş t u ü v y z (â) |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]14 ғ. Қырымда қыпшақ тілінде (қазіргі қырымлы тілінің арғы тегі боп табылады) құрастырылған Codex Cumanicus латын әліппесі негізінде жазылған. Сонымен қатар грек жазуы, жебірей жазуы пайдаланылғаны аян.
1928 ж. дейін араб жазуына негізделінген әліппе пайдаланылды.
Кеңес Одағындағы латындандыру науқаны өткізілген кезінде 1928—1939 жж. Жәңаліптің жергілікті нұсқасы пайдаланылды.
1938 ж. бастап орыс әліппесі пайдаланылды.
1990 жж. бастап түрік әліппесіне негізделінген қазіргі латын әліппесі пайдаланылады. Бұл әліппе 1997 ж. Қырым Республикасының Жоғарғы Кеңесі үкімімен бекітілген. Интернетте тек латын әліппесі пайдаланылады, ал баспасөзде әлі де кирил әліппесі кездестіріледі.
Әріп кестесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]латын әліппесі |
кирил әліппесі |
IPA | қазақша кирил транскрипциясы |
---|---|---|---|
A a | А а | [a] | а |
B b | Б б | [b] | б |
C c | Дж дж | [ʤ͡] | дж |
Ç ç | Ч ч | [ʧ͡] | ч |
D d | Д д | [d] | д |
E e | Э э, Е е | [e] | е |
F f | Ф ф | [f] | ф |
G g | Г г | [g], [gʲ] | г |
Ğ ğ | Гъ гъ | [ɣ] | ғ |
H h | Х х | [h] | х |
I ı | Ы ы | [ɯ] | ы |
İ i | И и | [i] | и |
J j | Ж ж | [ʒ] | ж |
K k | К к | [k], [kʲ] | к |
L l | Л л | [l], [lʲ] | л |
M m | М м | [m] | м |
N n | Н н | [n] | н |
Ñ ñ | Нъ Нъ | [ŋ] | ң |
O o | О о | [o] | о |
Ö ö | Ё ё | [ø] | ө |
P p | П п | [p] | п |
Q q | Къ къ | [q] | қ |
R r | Р р | [r] | р |
S s | С с | [s] | с |
Ş ş | Ш ш | [ʃ] | ш |
T t | Т т | [t] | т |
U u | У у | [u] | ұ |
Ü ü | Ю ю | [y] | ү |
V v | В в | [v] | в |
Y y | Й й | [j] | й; ya, yu/yü (я, ю) әрптерімен жазылады |
Z z | З з | [z] | з |
Латын мен кирил әріптерімен жазу емлесінде бірі-біріне үйлесуі жоқ.
â әрпі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сирконфлекс қойылған <â> міндетті емес әріп, <a> әрпінің нұсқасы деп табылады. Cөздің нағыз басында кездеспейді. Бұлар алдыңғы дауыссыз дыбысты палатализциялануын (жұмсартуын) көрсету үшін пайдаланылады: lâ — ля, kâ — кя.
W және X әрптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]W және X әрптері қырымлы әліппесінде пайдаланылмайды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|