Қылаң жапалақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қызғылтсары сайрақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Aves
Сабы: Жапалақтәрізділер
Тұқымдасы: Нағыз жапалақтар тұқымдасы
Тегі: Маубас жапалақшалар туысы
Түрі: Otus brucei
Түрлері

O.b. brucei
O.b. obsoletus
O.b. semenowi
O.b. exiguus

Otus brucei

Қылаң жапалақ (лат. Otus brucei) – Жапалақтәрізділер отрядының Нағыз жапалақтар тұқымдасына жататын Маубас жапалақшалар туысы құстардың бірі.

Қылаң жапалақтың пішіні кішкентай, түсі ақшыл, салмағы 100 г шамасында болады. Қазақстанның оңтүстік пен шығыс аймағындағы ормандарда мекендейді. Бұлар көбінесе Сырдария өзені жағалауында кездеседі. Жәндіктермен, ұсақ құстармен және кеміргіштермен қоректенеді. Наурыз айында ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді.[1]

Мұның негізгі мекені шөл зонаның - бақ, тынымбақ немесе өзендер аңғарындағы тоғайлы ормандардың жиегіндегі мәдени табиғи көріністі ормандар. Алдыңғы және Орта Азия шөл зонасының өзендерін бойлай өскен тоғайға қоныстанады. Қазақстанда ол негізінде Іле және Сырдария өзендері алаптарында мекендейді. Оның ұя салуы үшін ағаш қуыстары қажет, алайда кейде сауысқандаодың ескі ұясына да ұялайды. Тек қана түнде белсенді өмір сүреді, ал күндіз ағаш діңінде тынығады. Реңі ұқсас болғандықтан, көзге бірден шалынбайды. Ұясына өте сақ болады. Наурызда ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы, «Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
  2. Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра