Қызыл тамыр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Қызыл тамыр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қызыл тамыр бұтасы
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Ephedra intermedia Schrenk & C.A.Mey. |
Қызыл тамыр (Ephedra intermedia) - қылша туысына жататын көп жылдық бұта.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Биіктігі 1 м, сабағы тік, бұтақты. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан, кейде шоқтанған. Жапырағы 2, түп жағы біріккен, ұзындығы 2 мм. Жемісі етженді, қызыл, ұзындығы 6 мм. Тұқымы ұсақ, сарғыш қоңыр, ұзындығы 5-6 мм.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызыл тамыр ұсақ тасты тау бөктерінде өседі. Орта Азия, Тибетте, Қазақстанның Бетпақдала, Түркістан маңы, Балқаш-Алакөл алқабында, Теріскей, Күнгей, Жоңғар Алатауында кездеседі,
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызыл тамырдан дәрі жасалынады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том