Қызыл көтеру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Малды ауылда мал өлімі мен шығыны болмай тұрмайтыны белгілі. Ауқатты адамдардың малы өлсе оның ештеңесі кетпейді. Егер ауыл ішіндегі тұрмысы төмен кедейдің малы шығын болып адал өлсе оның жөні басқа. Мұндайда әлгі пышаққа ілінген ірі малды ауыл адамдары сойып, оның 12 жілігін бір-бір ұсақ малға балап, бөліп әкетеді. Бұл дәстүр қазақ ғұрпында "қызыл көтеру" деп аталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.