Қызылқұйрық тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қызылқұйрық тұқымдасы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Қызылқұйрық тұқымдасы (Amaranthaceae)

Қызылқұйрық тұқымдасы (лат. Amaranthaceae) [1]қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық өсімдіктер.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кейде бұға, шала бұта не ағаш.
  • Жапырағы бүтін жиекті, кезектесе орналасқан, бөбешік жапырағы болмайды.
  • Ұсақ гүлі дара не қос жынысты, ақшыл жасыл, сары, қызыл, жеке-жеке, кейде гүлшоғыры - сыпыртқыға топтасқан.

Өсетін жері мен таралу аймағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылқұйрық тұқымдасы Америка, Африка, Австралияда, сиректе болса Азияда таралған. 900 (65 туысы), оның ішінде Ресейде 15 (5 туысы) түрі белгілі. Қазақстанда бір жылдық шептесін өсімдік түрінде кездесетін 8 түрі бар. Қызылқұйрық тұқымдасы көбіне егістікте, бау-бақшада арамшөп түрінде өседі, кейбір түрлері әсемдік үшін колдан өсіріледі. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
  2. Қазақ энциклопедиясы