Қызылжемсаулы қарашақаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қызылжемсаулы қарашақаз

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Үйрек
Тегі: Қарашақаздар
Түрі: B. ruficollis
Екі-есімді атауы
Branta ruficollis
(Pallas, 1769)
Синонимдері

Rufibrenta ruficollis

Branta ruficollis

Қызылжемсаулы қарашақаз (лат. Branta ruficollis) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құс.


Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. Жон арқасы мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты ақ түсті. Екі шекесінде үлкен-үлкен жирен дақтары бар, олар айнала ақ қауырсындармен көмкерілген. Жемсауы, мойнының екі бүйірі ашық қоңыр, қызыл түсті. Дене тұрқы 55 см, қанатының ұзындығы 37 см, құйрығының ұзындығы 11 см-дей, салм. 1 кг-дай. Қызылжемсаулы қарашақаз — жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, тік жартастарға ұя салады. 3 — 6 (кейде 9) жасыл реңді жұмыртқа салады. Жұмыртқаны мекиені басады. Күзде жылы жаққа қайтып, негізінен Каспий теңізінің оңтүстігінде қыстайды.


Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  3. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5