Қойма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Inside Green Logistics Co., Финляндия. Суреттегі сол қатарда паллеталарға тиелген жүктер болса, ал оң қатарда бір-бірінің үстіне жиналған бос палетталар көрсетілген.

Қойма дегеніміз тауарларды сақтайтын коммерциялық ғимарат. Қоймалар көбінесе өндірушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар, көтерме саудагерлер, тасымалдаушылар және кеден т.б. тарапынан қолданылады.

Олар қалалар мен ауылдардың маңындағы өнеркәсіптік зоналарда орналасқан ірі көлемді ғимараттар болып табылады. Қоймалар тікелей жүк машиналарынан,темір жолдардан, әуежайлардан, теңіз порттарынан жүктерді тиеп-түсіру үшін арнайы жобаланады. Олар көбінесе стандартты палетталарда орналастырылған жылжымалы жүктер үшін крандар мен тиеуші машиналармен жабдықталады. Қоймаланатын тауарларға кез келген шикізат, қаптау материалдары, қосымша бөлшектер, немесе ауылшаруашылық, өнеркәсіп, саудаға қатысты дайын өнімдер жатуы мүмкін.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]