Қақ (Үлкен Қақ)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қақ
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі163,7 м
Өлшемі9,3 × 7,3 км
Ауданы52,2 км²
Жағалау сызығының ұзындығы31 км
Орналасуы
53°34′26″ с. е. 66°12′30″ ш. б. / 53.57389° с. е. 66.20833° ш. б. / 53.57389; 66.20833 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°34′26″ с. е. 66°12′30″ ш. б. / 53.57389° с. е. 66.20833° ш. б. / 53.57389; 66.20833 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақСолтүстік Қазақстан облысы
АуданТимирязев ауданы
Қақ (Үлкен Қақ) (Қазақстан)
Қақ
Қақ (Үлкен Қақ) (Солтүстік Қазақстан облысы)
Қақ

Қақ, Үлкен ҚақСолтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Москворецкое ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 163,7 м биіктікте.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 52,2 км2, ұзындығы 9,3 км, енді жері 7,3 км, жағалау бойының ұзындығы 31 км. Түбі тегіс. Жаз айында алабы жайылым ретінде пайдаланылады. 1908, 1912, 1922 және 1941 жылы су деңгейі көтеріліп, ал 1911, 1921, 19381940 жылы су деңгейінің төмендеуі байқалған. Қыс айларында мұздың қалыңдығы 1 м-ге жетеді, мамыр айының басында мұзы ериді. Тұщылығы 0,3 – 0,4 г/л, жаз айында 0,5 – 0,6 г/л, қыста 1 г/л. Суы жұмсақ, химиялық құрамы жағынан хлор класы натрий тобына жатады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім