Қатпарлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қатпарлық — жер қабығының әрбір бөлігіндегі қатпарлар жиынтығы. Қатпарлық деп қатпар құрылу процесін де атайды. Формалары жағынан оны сызықты, үзілмелі және аралық деп үш типке бөледі. Сызықты қатпарлық түгелімен геосинклиналды аймақтарға тән болып келеді де, тұтасып жатады; үзілмелі қатпардың платформалы аудандарға тән де, күмбез тәріздес болып шашыранды түрінде кездеседі; ал аралық қатпарлық қырқа тәрізді болады. Әрбір геологиялық дәуірлердегі қатпарлар жасына қарай кембрийге дейінгі, каледондық, герциндік, яньшандық, альпылық қатпарлық болып бөлінеді. Бірақ сыртқы күштердің әсерінен қатпарлар бұзылып және тегістеліп кетеді де, алғашқы формасы тек кейбір қатты жыныстардан тұратын бөліктерінде ғана сақталып қалады. Қазіргі таулардың, оның ішінде қатпарлы және қатпарлыжақпарлы таулардың пішіндері қатпар құрылудан емес, кейінгі уақыттағы алапты көтерілу мен жақпарлы көтерілуден пайда болды.

Қарақорым

Тау жоталары Жер бетінің бестен бір бөлігін алып жатыр. Миллион жыл бойы тектоникалық плиталардың бір-бірімен соқтығысуының нәтижесінде тау жоталары пайда болады. Көптеген тау шынжырлары, мысалы Гималай тізбектері жоғарыға қарай өседі.

Көтеріледі және қапталады

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер беті бойынша жылжитын тектоникалық плиталардың қозғалысынан пайда болған таулардың көбісі қатпарлы болып келеді. Екі тектоникалық плиталар соқтығысқанда жер қабатының жыныстары көтеріледі және олар бір-бірінің үстіне шығып қапталады. Уақыт Өткен соң осы қатпарлар көбейеді.

  • Жылжымалы құм
  • Таудың пайда болуы барысында жыныстардың қатпарлануы қалай бұзылып, қатпарланатынын көрсету үшін төмендегі тәжірбиеде көрсетілгендей, қағаз бетіндегі құмның қабаты жер қабатының бір қабатын суреттейді. 100 секунд сайын 1 см амплитудасымен парақ-қағаз жай ғана жылжиды. Осылайша ол артынан құмды тартады. Осы құбылыс жер қабатының бойымен қоғалатын жай жүзіп өтетін Жердің сыртқы мантиясының қозғалысын бейнелейді.

Таулардың типтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық таулар қатпарлы бола бермейді. Бір таулар анар таудың атылуы нәтижесінде пайда болса, екіншілері жер қабаты жарылғанда сыртқа қарай ысырылған тау жыныстарының салмақты қатпарларынан құралған. Таулардың үшкірлігі қатты эрозиядан пайда болған, ол тау жыныстарын жан-жақтан қажап, ұштайды. Эрозия дегеніміз тау жыныстары бетін аққан судың шаюы.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. "Балалардың жаңа энциклопедиясы" ISBN 978-601-01-1126-4


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]