Қасым Бейсембиев
Қасым Бейсембиев (5.9.1919, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылы – 11.12.1980, Алматы қаласы) – философия ғылым докторы (1960), профессор (1961). 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. Ташкенттегi мұғалiмдер техникумын бiтiрген. Ұстаздарымен бiрге «Халық жауы» деп айыпталып, бiр жыл қамауда отырды. Орта Азия мемлекеттік университетiнiң философия факултiн (1944) және СОКП ОК-нің Жоғары партия мектебiн (1948) бітірген. Шымкент (қазiргi Оңтүстік Қазақстан) облысы Келес ауданы байланыс бөлiмiнiң бастығы, Шымкент қалалық комсомол кентiнiң 1-хатшысы, қалалық партия кентiнiң насихат және үгiт бөлiмiнiң нұсқаушысы қызметтерiн атқарды. 1952–1961 жылдыры Қазақстан ғылым академиясының философия және құқық инстутында ғылыми қызметкер, бөлiм меңгерушiсi. 1961–1964 жылдары қазiргi Қазақ ұлттық тех. университетiнде философия кафедрасын, 1964–1975 жылдыры ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) қызмет атқарған. 1975 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Алматы халық ш. инстутында (қазіргі Қазақ экономика университетi) философия кафедрасының меңгерушiсi болды.
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта ғасырлардан 20-ғасырдың басына дейінгі Қазақстандағы философия тарихы туралы зерттеулер жүргізген. Ол «Абай Құнанбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастары» («Қазақстан коммунисі», № 6, 1954) деген мақаласында ақынның өмірге, дүниеге көзқарастарын, философиялық ой-пікірін талдайды. 1956 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаевтың көзқарасы» деген көлемді монографиясы мен Қазақстанның қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлеріне арналған іргелі зерттеулерінде Абайдың туған халқының ұлы ақыны болып қана қоймай, өз шығармаларында көкейкесті әлеуметтік-саяси, философиялық, этикалық, эстетик. мәселелерді қазақ қоғамы дамуының пісіп жетілген қажеттіліктерімен тығыз байланыста көтере білген ұлы ойшыл екендігін жан-жақты ашады. Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі философиялық ой-толғаныстарды талдау арқылы оның XX ғасырда басындағы демократиялық ой мен ұлттық сананың өрістеуіне үлкен әсер еткендігін атап көрсетеді.8 ғыл. еңбегi жарық көрдi. Бұлардың iшiнде «Мировоззрение Абая Кунанбаева» (1956), «Қазақ ағартушыларының әлеум.-саяси көзқарастары туралы» (1958), т.б. кiтаптары бар. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |