Қаржы жылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қаржы жылыбюджет, смета, кіріс пен шығыс теңгерімі нысанында жасалып, бекітілген қаржы жоспарлары қолданыста болып, атқарылатын кезең. Бұл кезең бюджеттік жыл күнтізбелік жылмен сәйкес келмегенде пайдаланылады. Қаржы жылы 12 айға тең, оның басталуы мен аяқталуы қаржы және бюджеттік заңнамада көрсетіледі (кейбір елдерде ол 1 шілдеден немесе 1 қазаннан басталады). Оның қолданылу мерзімінің белгіленуіне нақты елде тарихи қалыптасқан дәстүрлер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған саясаты да ықпал етеді. Қаржы жылының көрсеткіштері қаржылық-бюджеттік жоспарлау үдерісінде негізге алынатын болса, ол базалық жыл деп есептеледі.

[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы, 10 том