Қарағанды (Бөрлі ауданы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Қарағанды
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Батыс Қазақстан

Ауданы

Бөрлі

Ауылдық округі

Қарағанды

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°52′31″ с. е. 52°47′50″ ш. б. / 50.87528° с. е. 52.79722° ш. б. / 50.87528; 52.79722 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°52′31″ с. е. 52°47′50″ ш. б. / 50.87528° с. е. 52.79722° ш. б. / 50.87528; 52.79722 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1936

Бұрынғы атаулары

Святодуховка, Будённовка, Кирово

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

785 адам (2009)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

07

Қарағанды картада
Қарағанды
Қарағанды
Қарағанды картада
Қарағанды
Қарағанды
 Басқа мағыналар үшін Қарағанды (айрық) деген бетті қараңыз.

Қарағанды (2020 ж. дейін – Кирово)[1]Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Қарағанды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы - Ақсай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде, бетеге, боз басым әр түрлі шөптесін өскен қоңыр, сортаңды-қызылқоңыр топырақты қуаң 318 далалық белдемде орналасқан.

1999 жылы тұрғындар саны 889 адам (447 ер адам және 442 әйел адам) болса, 2009 жылы 785 адамды (400 ер адам және 385 әйел адам) құрады.[2]

1936-1997 жылдары аралығында Киров атындағы астық кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан Кировта «Қарағанды» серіктестігі, ірі «Махмет» және «Мақсат» шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]