Қарасаз ауылдық округі (Жамбыл облысы)
Қазақстан ауылдық округі | |
Қарасаз ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді |
5 ауыл |
Тұрғыны (2021) |
▲3471 |
Уақыт белдеуі | |
Автомобиль коды |
08 |
Қарасаз ауылдық округі – Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамына Ақбастау, Жұрымбай, Көктас, Қарасаз, Қарасу ауылдары кіреді. Орталығы – Қарасаз ауылы.[1]
Елді мекен | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақбастау ауылы | 657 | ▲740 | 112,6 | 337 | ▲384 | 113,9 | 320 | ▲356 | 111,3 |
Жұрымбай ауылы | 357 | ▼323 | 90,5 | 173 | ▼165 | 95,4 | 184 | ▼158 | 85,9 |
Көктас ауылы | 175 | ▼171 | 97,7 | 93 | ▼85 | 91,4 | 82 | ▲86 | 104,9 |
Қарасаз ауылы | 1983 | ▲2141 | 108 | 959 | ▲1090 | 113,7 | 1024 | ▲1051 | 102,6 |
Қарасу ауылы | 138 | ▼96 | 69,6 | 74 | ▼54 | 73 | 64 | ▼42 | 65,6 |
Жалпы саны | 3310 | ▲3471 | 104,9 | 1636 | ▲1778 | 108,7 | 1674 | ▲1693 | 101,1 |
Округтің жер көлемі 28066, жалпы жер көлемі 28000 га. Оның ішінде ауыл шаруашылық жері 25,5 мың га, тәлімдік жер 12400 га, жайылымдығы 134 мың га, суармалы жер өте аз.
Ауылдық округте 2 орта, бастауыш мектеп, балабақша, мәдениет үйі, кітапхана, жанұялық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Ауыл іргесімен жағалай ну тоғай өскен Теріс өзені ағады, жері көкмайсалы, жазықты келеді.
Ауыл маңы табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бақатай өңірі - ауылдық округтің солтүстік-шығысындағы алқап. Қаңлы руының бір тармағы "Бақа" деп аталса, "Бақатай" сөзі - "Бақа ата" сөзінің ауыз екі тілде өзгерген түрі.
Сарықойнау алқабы - сол маңдағы қыратты, үстіртті жер.
Сарықайқаң - алыстан сарғайып көрінетін сарыбел.
Құрама даласы - Бақатай, Сарықайқаң алқаптарынан шығысқа қарай созылған алқап. Қаратаудың күнгей беті. Ілгеріде қазақтар ата-ата, ру-ру болып қоныстанса, бұл жерге әр рудың адамдары келіп орныққан екен. Құрама атануы себебі сол.
Майқы сазы - Құрама ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан саз. Бұл жерде ілгеріде Майқы есімді елдің құрметіне бөленген кісі тұрған. Елдің діни сауатын ашқан. Мекке-Мәдинеге қажылыққа барып қайтқан. Ол кісі қайтыс болғаннан соң ұрпақтары ұлан асыр ас беріп, ат шаптырған. Содан бұл жер "Майқы сазы" болып аталып қалған.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
|