Қанай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қанай өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 48 км
Су алабының
ауданы
1,3 мың км²
Су алабы Ертіс өзені
Су ағысы
Бастауы Қалба жотасының солтүстік беткейі
 • Координаттары 49°46′ с. е. 81°47′ ш. б. / 49.767° с. е. 81.783° ш. б. / 49.767; 81.783 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Ертіс өзенінің сол жағы
 • Орналасқан жері Новоодесское ауылынан төмен
 • Координаттары 50°02′59″ с. е. 82°21′13″ ш. б. / 50.04972° с. е. 82.35361° ш. б. / 50.04972; 82.35361 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°02′59″ с. е. 82°21′13″ ш. б. / 50.04972° с. е. 82.35361° ш. б. / 50.04972; 82.35361 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы

Қанай, ДресвянкаЕртіс алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 48 км, су жиналатын алабы 1,3 мың км2.

Бастауын Қалба жотасының солтүстік беткейінен алып, Новоодесское ауылынан төменде Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғарғы арнасы аласа таулық сипатта, ортасы – қырқалы-төбелі, төменгі арнасы сайлы-жыралы келген. Жағалауларының басым бөлігі тік жарқабақты. Қанайдың ірі салалары: Бұрсақ, Маймекен, т.б. Суы қарашаның 2-онкүндігінде қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ери бастайды.

Жағалауында қайың, терек, тал, т.б. ағаштар өскен. Суын ауыз суға және шаруашылыққа пайдаланады. Өзен балыққа бай.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2