Қалдыбай Махатайұлы Мадибраимов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қалдыбай Махатайұлы Мадибраимов (30.4.1958 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шетбұлақ елді мекені[1]) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2001).

  • 1975 жылы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Аса ауылының орта мектебін бітірді.
  • Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1982).
  • Еңбек жолын интернатурада білім ала жүріп, Жамбыл облыстық балалар емханасының (1982-1987) хирургия бөлімінен бастады.
  • 1987 – 89 жылы Алматыдағы Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында дәрігер, директордың орынбасары,
  • 1989 – 92 жылы Мәскеу қаласында аспирантураны бітіріп, медицина ғылымдарының кандидаты атағын алды.
  • 2001 жылы бүйрек ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері бойынша докторлық диссертация қорғап, Мәскеу қаласында клиникалық орталықта қызметке қалдырылды.
  • Қазіргі таңда 2006 жылдан бастап Алматы қаласы «ҰОС ардагерлері емханасында» қызмет атқарады, емхананың Бас дәрігері.
  • 100-ге жуық ғылыми мақалалары, 5 монографиясы жарық көрген.[2]
  • 2009 жылы «Шапағат» медалімен марапатталды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
  2. Қазақ энциклопедиясы