Қалдар (көл, Аягөз алабы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қалдар
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі369 м
Өлшемі6 × 1,6 км
Ауданы6,5 км²
Көлемі17,9 млн. км³
Жағалау сызығының ұзындығы19,2 км
Тереңдігі4,1 м
Орналасуы
47°03′18″ с. е. 80°04′19″ ш. б. / 47.05500° с. е. 80.07194° ш. б. / 47.05500; 80.07194 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°03′18″ с. е. 80°04′19″ ш. б. / 47.05500° с. е. 80.07194° ш. б. / 47.05500; 80.07194 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАбай облысы
АуданАягөз ауданы
Қалдар (көл, Аягөз алабы) (Қазақстан)
Қалдар
Қалдар (көл, Аягөз алабы) (Абай облысы)
Қалдар
 Басқа мағыналар үшін Қалдар деген бетті қараңыз.

Қалдар, ҚолдарҚалдар тауларының солтүстік-шығысындағы тұзды көл.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абай облысы Аягөз ауданы Ақтоғай ауылының шығысында 30 км жерде орналасқан. Аягөз алабында. Теңіз деңгейінен 369 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 6,5 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 19,2 км, ең терең жері 4,1 м, су сыйымдылығы 17,9 млн.м3. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған.

Жағалау сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жағалауы жайпауытты келген. Солтүстігінде Қызылқайнар көлі, шығысында Қарауылтөбе төбесі, оңтүстігінде Қошқар көлі, солтүстік-батысында Орталық төбесі орналасқан. Батысынан Таңсық өзені құяды. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Атырабы шабындыққа, жайылымға қолайлы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5