Қалайы кентастары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қалайы Sn

Қалайы кентастарықалайы металы шоғырланған минералдық шикізатом Жер қыртысындағы қалайының орташа мөлшері 0,0006%. Ашық әдіспен алынатын кенқайраңдарда қалайы мөлшері 340 г/м³-ден, жер астынан өндірілетін жағдайда 850 г/м³-ден кем болмауы, ал олардағы металды қабаттың қалыңдығы 1,6 м-ден кем болмауы шарт. Қалайының 17 минералының ішінде металл бөлуі жөнінен маңыздылары – касситерит SnO2 (68 – 78% Sn) пен станнин Cu2FeSnS4 (24 – 29% Sn). Қалайы кентастарының құрамында вольфрам, қорғасын, күшәла, висмут, т.б. элементтердің қоспалары болады. Минералдық құрамы мен түзілу ерекшеліктеріне қарай Қалайы кентастарының түп кендері пегматиттік, касситерит-кварцтық, касситерит-сульфидтік формацияларға ажыратылады, ал кенқайраңдары элювийлі, делювийлі, аллювийлі, көлдік, теңіздік, көмбе және қазба болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі қалайы қорының 75%-ы кенқайраңдарда шоғырланған. Қалайы кентастарының басым бөлігі ҚалбауылыНарын, Ертіс аймақтарында, Шу-Іле мен Балқаштың солтүстік-батысында, Көкшетау қыратында, Арқалық, Ұлытау, Тоқырау, Жарма, Шар аймақтарында орналасқан. Бұл өңірлердегі Қалайы кентастарының басты генетик. түрлері: кварцты желілер (44,4%), грейзендер (14,5%), кварц желілі грейзендер (15,2%), қалайылы граниттер, пегматиттер, апограниттер, силикатты-касситеритті сульфидтер. Қалайы кентастарының ірі түпкі кендері мен кенқайраңдары (Ресейде Байкал сырты, Карелия, Сібірдің солтүстік-шығысы, Сихотэ-Алинь, Кіші Хинган), Қытайда, Боливияда, Малайзияда, Индонезияда, Бельгияда, Конгода, Нигерияда шоғырланған.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім