Қайыкент ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аудан / Муниципалды аудан
Қайыкент ауданы
құм. Къайыгент якъ
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Ресей

Кіреді

 Дағыстан

Енеді

14 муниципалды құрылым

Әкімш.орт.

Жаңа Қайыкент ауылы

Аудан әкімшілігінің басшысы

Эльдерханов Магомед Меджидович

Жергілікті өзін-өзі басқару төрағасы

Багамаев Магомедрасул Ахсабарович

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°23′14″ с. е. 47°59′12″ ш. б. / 42.38722° с. е. 47.98667° ш. б. / 42.38722; 47.98667 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°23′14″ с. е. 47°59′12″ ш. б. / 42.38722° с. е. 47.98667° ш. б. / 42.38722; 47.98667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

23 қаңтар 1935 жылы

Жер аумағы

691,08 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

58 854 адам (2021)
(1,83 %)

Тығыздығы

85,16 адам/км²

Ұлттық құрамы

құмықтар, даргиндер

Телефон коды

87248

kayakentsky.ru  (орыс.)

Қайыкент ауданы картада

Қайыкент ауданы Ортаққорда Координаттар: 42°23′14″ с. е. 47°59′12″ ш. б. / 42.38722° с. е. 47.98667° ш. б. / 42.38722; 47.98667 (G) (O) (Я)

Қайыкент ауданы (құм. Къайыгент якъ[1], орыс. Каякентский район[2]) — Ресей Федерациясының Дағыстан құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалитет (муниципалды аудан).

Әкімшілік орталығы — Жаңа Қайыкент ауылы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан Дағыстанның шығыс бөлігінде, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан.

Оңтүстік-шығысында Дербентпен, оңтүстік-батысында – Кайтақпен, батысында – Сергоқаламен, солтүстік-батысында – Дағыстанның Қарабұтақкент аудандарымен шектеседі. Солтүстікте республикалық маңызы бар Ізбірбас қаласымен (және оның қалалық округімен) де шекаралас орналақсан.

Ауданның жалпы ауданы — 691,08 км². Аудан Дахадай ауданы аумағында екі анклавқа ие: Викри және Дейбук ауылдары.

Қайыкент ауданының аумағында әкімшілік жағынан басқа аудандарға бағынатын екі ауыл бар: Шаласи (Дахадай ауданы Сутбук ауылдық кеңесі) және Краснопартизанск (Сергоқала ауданы Урахи ауылдық кеңесі).

Алғышарты

Құмықстан этногеографиялық терминіне енген құмықтар тұратын этноаумағы болып келеді.

1867 жылға дейін қазіргі Қайыкент ауданының бір бөлігі құмық феодалдық құрылымының — Тарқы шамқалдығының, ал екінші бөлігі Қайтақ үсмейлігінің құрамында болды.

1860 жылы Дағыстан облысы құрылып, 1867 жылы феодалдық құрылымдар ыдырағаннан кейін аудан аумағы жаңадан құрылған облыстың құрамына енді.

Қазіргі кезең

Әкімшілік орталығы Қайакент ауылында болған Қайыкент ауданы 1935 жылғы 23 қаңтардағы ДАКСР БОАК қаулысы негізінде Махачкала, Дербент және Қорқмасқала аудандары аумағының бір бөлігінен құрылды[3].

1957 жылы облыс орталығы Ізбірбас қаласына көшірілді. РКФСР ЖКТ 1963 жылғы 1 ақпандағы қаулысымен Сергоқала ауылдық ауданына қосылды. РКФСР ЖКТ 1965 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен аудан орталығы Жаңа Қайыкент ауылына көшіріліп, ауданның бұрынғы шекарасы қалпына келтірілді.

1950 жылдардың аяғында Шешен-Ингуш АКСР Шурагат ауданына қарасты екі ауылдың тұрғындары Қайыкент ауданына қоныстандырылып, Герга және Первомайское ауылдарын құрады. 1966 жылғы Оңтүстік Дағыстандағы жойқын жер сілкінісінен кейін аймақта тағы бірнеше ауылдар пайда болды — Новые Викри, Сагаси-Дейбук және Дружба. Оларды Агул, Дахадай, Қайтақ, Құраһ, Табасаран және Хив аудандарындағы қираған ауылдарының тұрғындары қоныстандырды.

Тұрғандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1939 1959 1970 1979 1989 2002 2009 2010 2011 2012
17 661 ↘16 301 ↗22 925 ↗28 851 ↗34 019 ↗52 739 ↗54 995 ↘54 089 ↗54 125 ↘54 098
2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021
↘53 925 ↗53 926 ↗54 186 ↗54 832 ↗55 633 ↗56 074 ↗56 511 ↗56 704 ↗58 854
Ұлттық құрамы

2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша:

Халық Саны,
адам
Жалпы халықтан
үлесі, %
құмықтар 28 357 52,43 %
даргиндер 22 894 42,33 %
табасарандар 941 1,74 %
агулдер 821 1,52 %
лезгиндер 267 0,49 %
орыстар 134 0,25 %
лактар 97 0,18 %
аварлар 88 0,16 %
басқалары 136 0,26 %
көрсетілмеген 354 0,65 %
барлығы 54 089 100,00 %

2020-2021 жылдардағы Бүкілресейлік халық санағы бойынша:

Халық Саны,
адам
Жалпы халықтан
үлесі, %
құмықтар 31 952 54,29 %
даргиндер 22 670 38,52 %
табасарандар 913 1,55 %
агулдер 732 1,24 %
лезгиндер 188 0,32 %
орыстар 91 0,15 %
лактар 88 0,15 %
аварлар 58 0,10 %
көрсетілмеген 869 1,48 %
басқалары 1214 2,06 %
барлығы 58 854 100,00 %

Аумақтық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қайыкент ауданы әкімшілік-аумақтық құрылым аясында ауылдық кеңестер мен ауылдарды қамтиды.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру шеңберінде аттас муниципалды ауданға ауылдық кеңестер мен ауылдарға сәйкес келетін ауылдық елді мекен мәртебесі бар 14 муниципалды құрылым кіреді.

Ауылдық қонысӘкімшілік
орталығы
Елді
мекендер
саны
Тұрғындары
(адам)
Ауданы
(км²)
1Алхаджакент ауылдық кеңесі Алхаджакент ауылы 2 ↘1921 42,13
2Башлыкент ауылы Башлыкент ауылы 1 ↘2373 27,68
3Герга ауылы Герга ауылы 1 ↗4064 19,32
4Жабанкент ауылы Жабанкент ауылы 1 ↗1073 13,41
5Дружба ауылы Дружба ауылы 1 ↗4006 12,99
6Қапқайкент ауылы Қапқайкент ауылы 1 ↗1044 16,40
7Қаранайауыл ауылы Қаранайауыл ауылы 1 ↘1722 25,06
8Қайыкент ауылдық кеңесі Қайыкент ауылы 2 ↗16 126 63,00
9Нововикринский ауылдық кеңесі Новые Викри ауылы 2 ↗4514 20,97
10Жаңа Қайыкент ауылдық кеңесі Жаңа Қайыкент ауылы 2 ↗6138 36,23
11Первомайское ауылы Первомайское ауылы 1 ↘7418 38,06
12Сагаси-Дейбук ауылдық кеңесі Сагаси-Дейбук ауылы 2 ↗3144 10,51
13Усемикент ауылы Усемикент ауылы 1 ↗2284 32,36
14Өтеміс ауылы Өтеміс ауылы 1 ↘3027 74,91

Елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 19 ауылдық елді мекен бар:

Елді мекенТүріТұрғындарыАуылдық қонысы
1 Алхаджакент ауыл ↘2411 Алхаджакент ауылдық кеңесі
2 Башлыкент ауыл ↘2373 Башлыкент ауылы
3 Викри ауыл ↘19 Нововикринский ауылдық кеңесі
4 Гаша ауыл ↘54 Алхаджакент ауылдық кеңесі
5 Герга ауыл ↗4064 Герга (Қайыкент ауданы) ауылы
6 Дейбук ауыл ↘435 Сагаси-Дейбук ауылдық кеңесі
7 Жабанкент ауыл ↗1073 Жабанкент ауылы
8 Дружба ауыл ↗4006 Дружба ауылы
9 Инчхе ауыл ↘186 Жаңа Қайыкент ауылдық кеңесі
10 Қапқайкент ауыл ↗1044 Қапқайкент ауылы
11 Қаранайауыл ауыл ↘1722 Қаранайауыл ауылы
12 Қайыкент ауыл ↗15 923 Қайыкент ауылдық кеңесі
13 Кулкам ауыл ↘203 Қайыкент ауылдық кеңесі
14 Жаңа Қайыкент ауыл ↗5952 Жаңа Қайыкент ауылдық кеңесі
15 Новые Викри ауыл ↗4495 Нововикринский ауылдық кеңесі
16 Первомайское ауыл ↘7418 Первомайское ауылы
17 Сагаси-Дейбук ауыл ↘1986 Сагаси-Дейбук ауылдық кеңесі
18 Усемикент ауыл ↗2284 Усемикент ауылы
19 Өтеміс ауыл ↘3027 Өтеміс ауылы

Дейбук және Викри ауылдары Дахадай ауданы аумағындағы Қайыкент ауданының анклавтары болып табылады. Ал Шаласи ауылы, керісінше, Қайыкент ауданы аумағындағы Дахадай ауданының анклавы болып табылады. Краснопартизанск ауылы Сергоқала ауданының анклавы болып табылады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағында негізінен жүзім өндіруге маманданған 5 шарап зауыты мен 14 ірі ауыл шаруашылық кәсіпорны бар.

Аудан аумағында Ресейді Әзірбайжанмен байланыстыратын теміржол және «Кавказ» федералдық автомагистралі орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кумыкско-русский словарь.под ред.Б.Г.Бамматова. Российская Академия Наук., Дагестанский научный центр ордена «Знак Почета» институт языка, литературы и искусства имени Г. Цадасы. Махачкала. С. 381-387
  2. авар. Гъаякент мухъ, агул. Къаякент район, әз. Qayakənd rayonu, дарг. Къаякентла къатI, құм. Къаягент якъ, лак. Къаякентал кIану, лезг. Къаякент район, ноғ. Каякент район, рут. Къаякент район, таб. Къаякент район, тат. Каякент район, сахур. Къаякент район, шеш. Каякентан кIошт.
  3. История Каякентского районного суда.(қолжетпейтін сілтеме)