Қайта қаржыландыру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қайта қаржыландыру - мемлекеттің несие саясатының әдісі, ескі берешекті жаңа міндеттемелер қабылдау жолымен өтеу. Ол мынадай нысанда жүзеге асырылады: Ұлттық (орталық) банкінің II деңгейдегі банкілерді несиелендіруі, мұнда қайта қаржыландыру мөлшерлемесі дейтін белгіленеді; қарыз шарттарын өзгерту немесе мерзімі өткен бағалы қағаздарды өтеу үшін жаңа бағалы қағаздар (облигациялар, вексельдер, т. б.) шығару; борыш, қарыз мерзімін ұзарту немесе сомасын көбейту. Коммерциялык банкілердің банк аралық не нарығында өзара несие алысу, халықаралық қаржы нарықтары еурооблигациялар шығару, сондай-ақ синикатталған несие жолымен Қайта қаржыландыруға мүмкіндігі бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2