Қайдақ соры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ҚАЙДАҚ СОРЫКаспий теңізінің шығыс жағалауында, Бозащы түбегі мен Үстірт аралығында орналасқан. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы аумағында, Өліқолтық шығанағының оң түстігінде жатыр. Ұзындығы 135 км, ені 20 км. Сор табаны Каспий теңізі деңгейінен 28 – 34 м төменде. Оңтүстігін жағалай сазды-батпақты Қаракешу соры орналасқан. Шығыс жағалауын Батыс Үстірт кемерлі шыңы алып жатыр. Бозащы түбегіне қараған батыс бөлігі жайпақ келген. Қайдақ сорының оңтүстігімен ШетпеӨтеш темір жол және автомобиль жолдары өтеді. 1978 жылдан бастап Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты (2 м-ден 2,7 м-ге дейін) Қайдақ сорының басым бөлігін су басқан.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы