Қазақстан 2050
Навигацияға өту
Іздеуге өту
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012-ші жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бағдарламаның қарастыратын істері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
- Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
- Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
- Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
- Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
- Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
- Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
- Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.[1]
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі
- Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
- Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
- Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы
- Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
- Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы
- Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция
- Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
- Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
- Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х