Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері медалі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Медаль
Жағдайы беріледі
Негізделді 5 маусым 2006 жыл

«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің мекемелік марапаты.

Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 129 Жарлығының негізінде тағайындалды. 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен медал Министрліктің мекемелік марапаты болып қайта бекітілді. Алайда, 2014 жылы Министрліктің таратылуына және оның атқарымдары Ішкі істер министрлігінің мекемесіне жүктелуіне байланысты марапат мекемелік бағыныстылыққа ие болды.

Ережесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медальмен әскери қызметте жүргендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері көп жылғы жемісті еңбегі үшін қызметінде оң сипатқа ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есепте жалпы еңбек өтілі 25 жыл немесе одан көп болғандар марапатталады.

Сипаттамасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медаль жезден жасалған және сары екі қырлы сәулелері бар дөңес сегіз бұрышты жұлдыз пішінге ие. Жұлдыздың ортасында «желдер раушаны» іштей сызылған жер шары мен онда жазылған азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісінің (ішінде көк үшбұрыш бар тоқсары шеңбер) стильдендірілген бейнесі, жер шары сұлбасының астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сурет қызыл сақинаның аясында «ҚАЗАҚСТАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ» деген жазумен айнала қоршалған. Жер шары мен қалықтаған қыранның аясы көк эмальмен қапталған. Әріптер, қалықтаған қыран мен жер шарының меридиандарының сұлбасы алтын жалатылған.

Медалдің арт жағында ортасында «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» делінген. Төменгі жағында «25 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді.

Медалдағы жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемдері 38 мм.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында ені 17 мм көк жолақ, таспаның оң жақ жиегін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен кезектесетін төрт тоқсары жолақ бар. Таспаның сол жақ шетінде ені 3 мм және 1 мм екі тоқсары жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ орналасқан. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтеме[өңдеу | қайнарын өңдеу]