Яков Иванович Батырев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Батырев Яков Иванович (21 наурыз 1910 жылы, Жамбыл ауданы Новомихайлов селосы – 1989 жылы Тольятти) – еңбек және соғыс ардагері, 3­ дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері.

1927-1933 жылдары Новомихайлов селосындағы «Зорька» коммунасында, Буденный атындағы ұжымшарда, 1933-1939 жылдары Преснов МТС-нда жұмыс істеді. 1941 жылдан 314­ атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. 1944 жылы мамырда 46­ атқыштар дивизиясының жекелеген 40 мина тазалаушылар батальоны командирінің орынбасары болды. 1945 жылы қазанда туған ауылы Пресновқа келіп, тракторшы, комбайншы және бригадир болып еңбек еткен.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы
  2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б., Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009