Ядролық энергия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ядролық энергия – ядроны құрайтын нуклондардың қозғалысына және олардың өзара әсеріне байланысты болатын атом ядросының ішкі энергиясы.

Ядролық энергия табиғи жолмен де, жасанды жолмен де алуға болады. Күн және басқа жұлдыздар жарық және жылу түріндегі энергияны береді, ол ядролық энергияны табиғи жолмен алудың мысалы бола алады. Адамдар ядролық реакторлардың көмегімен жүргізілетін ядролық реакциялардың нәтижесінде ядролық энергияны ала алады. Атомдық немесе сутекті бомбалардың жарылысы кезінде алынатын энергия да адамның қолымен жасалады.

Ядролық энергияны өндірудің әдіс-тәсілдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ядролық энергияны екі әдіспен алуға болады: ядроларды бөлшектеу немесе ядроларды біріктіру көмегімен.

Ядроларды бөлшектеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ядроларды бөлшектеу - энергияны алу үшін үлкен ядроларды бөлшектеу әдісі. Атомдардың ядроларын бөлшектегенде, көп мөлшерде ядролық энергия бөлінеді. Атом бомбасы және ядролық реакторлар ядроның бөлшектенуінің принципінде жұмыс істейді. Ядроны ыдыратып энергия алуда уран кеңінен қолданылады.

Ядроларды біріктіру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл - энергия алу үшін кішкентай ядроларды біріктіру әдісі. Жоғарғы температурада атом ядроларын біріктіру кезінде көп мөлшерде ядролық энергия бөлінеді және жарылыс болады. Күн және басқа жұлдыздар ядролық синтез процесінің көмегімен жарықты және жылуды бөліп шығарады. Сонымен бірге адам қолымен жасалған сутегі бомбасы да синтездеу принципімен жұмыс жасайды.

Ядролық энергияның артықшылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ядролық энергия - бұл мұнайдың және көмірдің қорлары таусылғанда электр тогын алу үшін қолданылатын энергия көзі.
  • Атом электр станцияларына басқа станциялардың түрлеріне қарағанда әлдеқайда аз энергия талап етіледі. Бір тонна ураннан бірнеше миллион тонна баррель мұнайдан немесе бірнеше миллион тонна көмірден алынатын энергиядан көбірек энергия алуға болады.
  • Атом энергия станциялары қоршаған ортаны, отын ретінде көмірді пайдаланатын электр станцияларына қарағанда аз ластайды. Жылу электр станцияларының экологияға тигізер шығыны өте көп.

Ядролық энергияның кемшіліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ядролық қарудың өндірісі ядролық энергияға негізделген, ол біздің Жерімізге қауіп төндіреді. Яғни, атом бомбалары ғаламшардың тіршілігін тоқтатуы мүмкін.
  • АЭС-да ядроның бөлшектену процесі кезінде апаттар болуы мүмкін, нәтижесінде жарылыс болып, көп мөлшердегі радиация қоршаған ортаға бөлінеді. 1979 жылы Пенсильвания штатындағы Гаррисбургтың қасында орналасқан Тримайл Айленд станциясында және 1986 жылы Украинадағы Чернобыль АЭС-да апаттар орын алды.
  • Атомдық өнеркәсіптің қалдықтары радиация шығаратын болғандықтан өте қауіпті. Олармен қатынаста болған адамдар тіпті өліп кетуі де мүмкін.
  • Ядролық реакторды небәрі 40-50 жыл ғана қолдануға болады[1][2].

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0