Юрий Алексеевич Сушков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Юрий Алексеевич Сушков (31. 10. 1930 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1970), доцент (1976). Алматыдағы шет тілдер институтын бітірген соң (1952) қаладағы мектептерде одан кейін өзі бітірген институтта француз тілінен сабақ берді. 1961 жылдан бастап ҚазКСР ғылым академиясының шет тілдер кафедрасында француз тілінен алғаш аға оқытушы, 1970 жылдан бастап доцент болып істеп келеді. Профессор В. А. Исенгалиеваның жетекшілігімен "М. Әуезов прозасының француз тіліне аудармасы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 20-дан астам мақала жариялады. Қазақ және орыс жазушылары шығармаларын орыс тіліне аудару мәселесімен шұғылданды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3