Этта Зубер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Этта Зубер
Etta Zuber Falconer
Туған күні

21 қараша 1933 (1933-11-21)

Туған жері

Тьюпело

Қайтыс болған күні

19 қыркүйек 2002 (2002-09-19) (68 жас)

Қайтыс болған жері

Атланта[1]

Жұмыс орны

Spelman College
Norfolk State University

Ғылыми дәрежесі

математика бойынша философия докторы(PhD)

Альма-матер

Мадисондағы Висконсин университеті (1954)[2]
Фиск университеті
Эмори Университеті
Carver High School

Ғылыми жетекші

Trevor Evans[3]

Марапаттары


Louise Hay Award (1995)

Этта Зубер (некеде - Фалконер; ағылш. Etta Zuber Falconer; 21 қараша 193319 қыркүйек 2002, Тьюпело, Ли округі, АҚШ — тың Миссисипи штаты) — америкалық педагог, математик, АҚШ-та математика пәні бойынша философия докторы дәрежесін(PhD) алған алғашқы екі африкалық-американдық әйелдің бірі.

Этта Зубер Миссисипи штатының Тьюпело қаласында дәрігер Уолтер А. Зубер және музыкант Зейди Л. Монтгомери Зубердің отбасында дүниеге келді[4]. Зуберлердің екі қызы болды, Этта кіші, ал Элис үлкені. 1949 жылы Джордж Вашингтон орта мектебін бітіріп, 15 жасында Теннесси штатының Нашвилл қаласындағы Фиск университетіне Математика және Химия мамандығы бойынша оқуға түседі. Университетті 1953 жылы үздік бітіреді. Мадисондағы Висконсин университетінде оқуын жалғастырып, математика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады (1954).

Оқытушылық мансабын 1954 жылы Okolona Junior College-де бастады. Колледжде сабақ беру кезінде Этта баскетбол жаттықтырушысы Долан Фалконермен танысып, тұрмыс құрады[5]. Ерлі-зайыптылардың үш баласы дүниге келеді – ядролық инженер болған Долан Фалконер, бала дәрігері Элис Фалконер Уилсон, және Уолтер Цубер Фалконер, дәрігер[6].

Фалконер отбасы 1965 жылы Атлантаға көшкеннен кейін, Этта Эмори университетінің аспирантурасына түсті. 1969 жылы Эмори университетін бітіріп, математика бойынша философия докторы болды, АҚШ-та осы ғылыми дәреже берілген алғашқы екі африкалық-американдық әйелдердің бірі (жалпы алгебра бойынша диссертация).

Атлантадағы Spelman College-де математика бөлімінің бастығы болып жұмыс істей отырып, компьютерлік ғылымдар бөлімін құруға қатысты, Атлантадағы университеттің аспирантурасына оралды, нәтижесінде компьютерлік ғылымдар магистрі дәрежесін алды (1982).

Өмірінің 37 жылын оқытушылық қызметке арнады. 2002 жылдың мамыр айына дейін зейнеткерлікке шыққанға дейін математика профессоры және математика бөлімінің бастығы (1972), жаратылыстану ғылымдары бөлімінің бастығы (1982) және математика профессоры және ғылыми бөлім бойынша адъюнкт-проректор (1990) болып жұмыс істеді.

2002 жылдың қыркүйегінде ұйқы безінің қатерлі ісігінен қайтыс болды.

Математик әйелдер қауымдастығының құрметті мүшесі (1995). 2001 жылы американдық ғылымды дамыту қауымдастығы доктор Э.Зубер Фалконерге көпжылдық жетістіктері мен ғылымға қосқан үлестері үшін сыйлық берді.

Э. Зубер Фалконер өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде оның бүкіл өмірі "математика саласындағы жоғары білікті африкалық американдықтардың санын көбейтуге арналған"деп мәлімдеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]