Эрвин Шредингер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эрвин Шредингер
нем. Erwin Schrödinger

Эрвин Шрёдингер (1933)
Туған күні

12 тамыз 1887 (1887-08-12)

Туған жері

Вена, Аустрия-Мажарстан

Қайтыс болған күні

4 қаңтар 1961 (1961-01-04) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Вена, Аустрия

Азаматтығы

 Аустрия
 Ирландия (1948 жылдан бастап)

Ғылыми аясы

Теориялық физика

Жұмыс орны

Вена университеті

Альма-матер

Вена университеті

Ғылыми жетекші

Франц Серафин Экснер
Фридрих Хазенёрль

Несімен белгілі

Кванттық механиканың негізін салушылардың бірі

Марапаттары


Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1933)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Эрвин Рудольф Йозеф Александр Шрёдингер (нем. Erwin Rudolf Josef Alexander Schrödinger; 12 тамыз, 1887, Вена4 қаңтар, 1961, Вена, Аустрия) – Австрияның көрнекті физик-теоретигі, кванттық механиканың негізін салушылардың бірі.

Академиялық гимназиядағы есткерткіш тақта

Вена ун-тін бітірген соң, сонда 1914 жылдан бастап сабақ берді. 1920 жылдан Штутгарттағы жоғары тех. мектептің, 1921 жылдан Цюрихтегі және Бреславльдегі (қазіргі Вроцлав), 1927 жылдан Берлиндегі ун-ттердің проф. Өкімет басына ұлтшылдардың келуіне байланысты Германиядан кетіп қалды. 1933 – 35 жылы Оксфордтағы (Англия), 1936 – 38 жылы Грацтағы (Австрия), 1938 – 39 жылы Генттегі (Бельгия), 1940 жылы Дублиндегі (Ирландия), 1955 жылы Венадағы (Австрия) ун-ттердің проф. болды. Шредингердің алғашқы жұмыстары түстердің матем. теориясына арналған (1920), Колометрияның қазіргі теориясы Шредингердің осы жұмысына негізделген. Дегенмен Шредингердің аса маңызды ғыл. еңбегі толқындық механиканы (басқаша айтқанда, релятивистік емес кванттық механиканы) жасау (1925 – 26) болды. Бұл теорияны жасауда ол Л. де Бройльдің идеясына сүйенді. Кванттық механика жарықтың толқындық және корпускулалық табиғатының арасында болып келген қарама-қайшылықты шешіп берді. Шредингер өзінің атымен аталатын әйгілі Шредингер теңдеуін қорытып шығарды. Бұл теңдеу қазіргі атом теориясында маңызды рөл атқарады. Шредингер толқындық механика мен матрицалық формадағы кванттық механика (В.Гейберг, Н.Бор және П.Иордан жасаған) арасында формалды байланыс барлығын көрсете келіп, олардың физикалық тұрғыдан өзара эквивалентті екендігін дәлелдеді. Ол толқындық механика мәселесін Штарк құбылысының теориясына да қолданды. Кейінгі жылдары термодинамикамен, жалпы салыстырмалық теориясымен, т.б. айналысты. Шредингер – көптеген елдердің ғыл. мекемелерінің, соның ішінде 1934 жылдан КСРО ғылым академиясының да құрметті мүшесі. Нобель сыйлығын алған (1933).[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Статистическая термодинамика, пер. с ағылш., М., 1948; Новые пути в физике, Ст. и речи, пер с ағылш., М.,1971; Что такое жизнь? С точки зрения физика, 2 изд., пер. с ағылш., М., 1972.