Эпизод

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді. Эпизод сюжеттің негізгі компоненттеріне сәйкес келуі мүмкін, бірақ көбіне сюжет компоненті эпизодта өрістемейді, керісінше, бірнеше эпизод беріледі (оқиға бірнеше Эпизодтан тұруы мүмкін). Эпизод кейіпкер характерін ашып, оқиғаны ширата түседі.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6