Эпиграф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эпиграф (грек. epіgraphe – жазылған сөз) – әдебиетте жеке шығармалар алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдары. Әдетте жазушы айтайын деген ойын аңғарту үшін осындай қысқа қайырма тағылым сөздерді келтіреді. Мысалы, А.С. ПушкинКапитан қызы” повесінің алдында Эпиграф ретінде “Арыңды жастайыңнан сақта” деген халық нақылын келтіріп және шығарманың негізгі он төрт тарауының әрқайсының алдында не халық өлеңінен, не Сумароков, Княжнин, Херасков сияқты ақындардың өлеңінен үзінді немесе халық мақалын алып, Эпиграф беріп отырған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6